Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжан Алматыдағы метро бекеттерінің атауын өзгертуді қолдайды 

Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжан Алматыдағы метро бекеттерінің атауын өзгертуді қолдайды 
ult.kz

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі Жанарбек Әшімжан Алматыдағы метро бекеттерінің атауын өзгерту жастардың патриотизмін дамытуға септігін тигізетініне сенімді деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

Алматыда метростансалардың құрылысы жалғасуда. Мәслихат депутаттары қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың «Достық» пен болашақта «Западный» автовокзалы аталуы тиіс бекеттерін өзгерту туралы ұсынысын қолдады. Оларды «Б. Момышұлы» және «Қарасай» атау ұсынылды. 

«Бұл дұрыс шешім!  Біз Батыр, көрнекті жазушы Бауыржан Момышұлының есімін ұлықтауымыз керек. Әскери ойшыл және теоретик полковник Момышұлының есімі фашистік Германияны жеңуге үлес қосқан Ұлы Отан соғысының әскери басшыларының қатарында», - деді мәжіліс депутаты. 

Ж. Әшімжанның айтуынша, ұлттық тарихи эпоста Қазақстанның батырлары жарқын тұлғалар ретінде берілген. Сондықтан өткен ғасырларда бейнесі өшпеген батыр Қарасай батырдың құрметіне басқа бекеттің атын беру әділ болар еді. 

«Мен Алматының батыс қақпасы Қарасай ауданымен шектесетінін атап өткім келеді, сондықтан Қарасайдың есімі метро стансаға берілуі орынды», - дейді халық қалаулысы Жанарбек Әшімжан. 

Достық бекеті Абай даңғылы мен Момышұлы көшесінің қиылысында салынып жатыр. Оның техникалық іске қосылуы осы жылдың соңына жоспарланған. «Западный» автовокзал бекеті Алматы облысы Қарасай ауданының шекарасында салынады. 

Белгіленген тәртіп бойынша Әкімдіктің қаулысы мен Алматы қаласы мәслихатының шешімі Республикалық ономастикалық комиссияға жіберіледі, онда түпкілікті шешім қабылданады.