Мәулен Әшімбаев Әбдіжәміл Нұрпейісовті туған күнімен құттықтады

Мәулен Әшімбаев Әбдіжәміл Нұрпейісовті туған күнімен құттықтады
Сурет: Inform.kz

Бүгін қазақтың классик жазушысы Әбдіжәміл Нұрпейісовтың туған күні

ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев қазақ әдебиетінің классигі, Қазақстанның Еңбек Ері Әбдіжәміл Нұрпейісовті туған күнімен құттықтады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Бүгін халық жазушысы, қазақ әдебиетінің классигі, Қазақстанның Еңбек Ері Әбдіжәміл Нұрпейісовтің туған күні. Саналы ғұмырын жазу-сызуға арнаған ағамыз 97 жасқа толып отыр. Қаламгердің ғұмыр жолына қарап отырып, ұлт тарихының өткен ғасырдағы тұтас тарауларын көруге болады. Әбекең бала күнінде тәркілеу, ашаршылық сияқты зобалаңдарды басынан өткерді. Он сегізге толар-толмас шағында соғысқа аттанды. Осының бәрі кейін жазушының шығармашылығына арқау болды. Шын мәнінде, суреткердің қаламынан туған дүниелер – қазақ әдебиетінің алтын қорына қосылған қымбат қазына. Оның ішінде «Қан мен тер» және «Соңғы парыз» романдарының шоқтығы биік. Бұл шығармалар қашанда әр буынның сүйіп оқитын туындылары болып қала береді», - деп жазды Мәулен Әшімбаев Facebook парақшасында.