Мәулен ӘЛІПОВ, Жол активтері ұлттық сапа орталығының директоры: Алматы қаласындағы жолдың 80 пайызы қанағаттандырарлық жағдайда

Мәулен ӘЛІПОВ,  Жол активтері ұлттық сапа орталығының директоры: Алматы қаласындағы жолдың 80 пайызы қанағаттандырарлық жағдайда
almaty-akshamy.kz

Кешегі өткен қала басшысының «Алматы» телеарнасындағы тікелей эфирін көрдік. Жалпы, қалаға жолайрықтар салу - өте үлкен, жауапты бастама деп ойлаймын. Онда басты назар аударатын нәрсе - жолдың сапасы болып табылады.

Біздің компания жол құрылысы жұмыстарының, жөндеу жұмыстарының сапасын сараптайды. Салынып жатқан жолға шығып, сынама аламыз. Сынаманы өзіміздің зертханада зерттеп, одан кейін құрылыс нәтижесін тапсырыс берушіге және мердігерге жолдаймыз.

Егер қандай да бір ақау анықталатын болса, түзету енгізуіне мүмкіндік беріледі. Жол салынып болғасын, біраз уақыттан кейін қайта сынама алуға шығып, жолдың сапасын, құрылысын тексереміз. Қазіргі таңда Алматы қаласындағы жолдың 80 пайызы қанағаттанарлық жағдайда.