Мәдіғали Қарсыбеков Бейжің Олимпиадасы туралы не айтты?

Мәдіғали Қарсыбеков Бейжің Олимпиадасы туралы не айтты?
Сурет: Оlympic.kz

Олимпиадаға әзірлік жалғасуда

Шорт-тректен Қазақстан командасының бас бапкері Мәдіғали Қарсыбеков Бейжің Олимпиадасына дейін команданың қайда жаттығатынын айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Бұл жайында Ұлттық Олимпиадалық комитеттің сайтында жарияланды.

«Әлем кубогі кезеңдері аяқталды. Енді әрі қарайғы дайындық Нұр-Сұлтанда өтеді. Лицензия алған спортшыларды бабына келтіру үшін барымызды салып жатырмыз.

Жарақаттың беті аулақ, бірақ, денсаулығына қатысты мәселелер туындаса, спортшыларды ауыстыратын атлеттерді де дайындаудамыз. Командадағы атмосфера жақсы, спортшылардың көңіл-күйі көтеріңкі.

Қаңтар айының аяғында Бейжіңді бетке аламыз», - дейді ол.