Мұғалімнің сенбілікке шықпауға құқығы бар

Мұғалімнің сенбілікке шықпауға құқығы бар
Cурет: Uv-kurier.ru

Заңға сәйкес, мұғалімдер сенбілік жұмыстарынан бас тарта алады

Мұғалімдерді міндеттерінен тыс жұмыстарды орындауға тартатындар қатаң жазаланады. Бұл туралы ОКҚ брифингінде Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Қаринова мәлім етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Олардың құқықтарын қорғайтын «Педагог мәртебесі туралы» заң бар. Мұғалімнің сенбілікке шықпауға құқығы бар. Заңға сәйкес, мұғалімдер бұдан бас тарта алады», - деді Шолпан Қаринова.

Ол бұған дейін Білім және ғылым министрінің осы мәселе бойынша ұстанымын нақты айтқанын еске салды.

«Біз мұғалімдерді өзіне тән емес функцияларды орындауға тартуға қарсымыз. Мұғалімдерді осы ерекше жұмыстарға тартатындардың барлығына заң шеңберінде қатаң жазаланатын шаралар қабылданатын болады. Мұғалімнің бірінші функциясы - балаларға барлық пәндер бойынша білім беру. Оқыту, тәрбиелеу – мұғалімнің негізгі қызметі. Басқа іс-шараларға педагогтарды ешкім тартпауы тиіс», - деп мәлімдеді вице-министр.