Мұрат ҚҰСАЙЫНОВ, «Дос-Мұқасан» ансамблінің әншісі: Алматыны әлемнің ешбір қаласына теңей алмаймын

Мұрат ҚҰСАЙЫНОВ, «Дос-Мұқасан» ансамблінің әншісі:  Алматыны әлемнің ешбір қаласына теңей алмаймын
Cурет: Almaty-akshamy.kz

Шаһар игілігі үшін өте жақсы бастама.

Қала күні мерекесінде пікірімен бөліскен Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мұрат Құсайынов Алматыға әлемнің ешбір қаласы тең келмейтінін айтты, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.

Әнші Алматыда өткен әдемі естеліктерімен бөлісіп, қала болашағына жасалып жатқан жұмыстарға ризашылығын білдірді.

«Қала күні қала үшін, тұрғындар үшін жаңа саябақтар мен субұрқақтары ашылды. Бұл шаһар игілігі үшін өте жақсы бастама. Біздің жас кезімізден осы опера театрының жанындағы саябақ, яғни субұрқақ ашылған тұста өте көп естеліктерге толы. Өнер адамдарымен, қаладағы әншілермен бірге саябаққа жиі келіп, демалатынбыз. Қабанбай көшесінің бойында орналасқан саябақ біз үшін ыстық. Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев субұрқақтың ашылуы кезінде болашақта қаланың көркеюі үшін істеліп жатқан  жұмыстарды айтып, соған біз тәнті болдық», - деді М. Құсайынов. 

Осы қаламен өзін көп нәрсе байланыстыратынын айтып, ыстық лебізін жеткізді.

«Қала күні құтты болсын! Алматы мен үшін – алтын ұя. Менің туып өскен жерім. Алматымен мені өте көп нәрсе байланыстырады. Алматыда «Дос-Мұқасан» құрылды, шаңырақ көтеріп, 3 балам да осы шаһарда дүниеге келді. Қазір немерелерім де осы қалада өсіп, жетілуде. Осы жасқа дейін әлемдегі бірнеше елдімекендерді аралаған адаммын. Бірақ, Алматыны ешбір қалаға теңей алмаймын. Қала әкімі өз сөзінде: «шаһардың бұрынғы келбетін мүмкіндігінше, сақтап қалуға тырысамыз» деді. Осы сөзі маған қатты ұнады», - деп айтты әнші.