Мұнай өнімдері жоспар бойынша жеткізіліп жатыр

Мұнай өнімдері жоспар бойынша жеткізіліп жатыр inform.kz

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ базасында энергетика саласының жүйе құраушы кәсіпорындарымен өзара іс-қимыл штабы жұмыс істеп тұр. Бұл туралы акционерлік қоғамның баспасөз қызметі хабарлады, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz ҚазАқпарат тілшісіне сілтеме жасап.



«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ базасында энергетика саласының жүйе құраушы өнеркәсіп кәсіпорындарымен (ЖЭО, ГРЭС, көмір және кен разрездері) өзара іс-қимыл бойынша штаб жұмыс істеп тұр. Қазіргі уақытта жылжымалы құрам үздіксіз цикл өндірістерін штаттық режимде қамтамасыз етіп отыр. Отын-энергетика кешені нысандарына мұнай өнімдерін жөнелту жоспар бойынша жүргізілуде», - делінген ұлттық компанияның мәліметінде.


«ҚТЖ» ақпараты бойынша, штаб өндірістік компаниялармен тұрақты байланыста жұмыс істеп тұр. «Жылжымалы құраммен қамтамасыз ету және жүктерді жеткізу мәселелері жедел тәртіпте шешіліп жатыр», - деп жазады «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі.



Бұған дейін теміржол қызметкерлері бүлік кезінде зардап шеккендер үшін қан тапсырып жатқаны туралы жазғанбыз. https://www.inform.kz/kz/temirzhol-kyzmetkerleri-bulik-kezinde-zardap-shekkender-ushin-kan-tapsyruda_a3882739


ҚР Денсаулық сақтау министрлігі төтенше жағдай режимі кезеңінде медициналық көмек көрсету және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелері бойынша халыққа кеңес беретін 1406 байланыс орталығының қосымша номерлерін іске қосты: 8-7172-67-41-33, 8-7172-67-41-34, 8-7172-67-40-92.




Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамау
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Пікіріңізге рахмет