Мұнай бағасы рекордтық деңгейге көтерілді

Мұнай бағасы рекордтық деңгейге көтерілді
Сурет: Adyrna.kz

Мұнай 3 жыл бұрынғы құнына жетті

Лондондағы қор биржасында желтоқсан айында жеткізілетін «Brent» маркалы мұнайдың бағасы соңғы 3 жылда алғаш рет барреліне 84 доллардан асты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Өсім 2,5 долларды құрады. Ал қараша айында жеткізілетін «WTI» маркасы 81 доллардан саудаланды.

Естеріңізге сала кетейік, бұл динамика қарашада мұнай өндіруді тәулігіне 400 мың баррельге ұлғайту жоспарын сақтау туралы ОПЕК+ шешімінің аясында сақталуда. Сонымен қатар мұнай бағасы алдағы уақытта барреліне 86 долларға дейін өсуі мүмкін деп болжанып отыр.