Мұхтар Шахановтың ұлы қайтыс болды

Мұхтар Шахановтың ұлы қайтыс болды
Cурет: Almaty.kz

Мұхтар Шахановтың ұлы Рауан қайтыс болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Malim.kz-ке сілтеме жасап.

Ақын, көптеген сыйлықтардың лауреаты, «Жалын» журналының бас редакторы Мұхтар Шахановтың ұлы Шаханов Рауан Мұхтарұлының қайтыс болуына байланысты қайғырып көңіл айтамыз. Бұл қаралы хабарды әдебиеттанушы Еркінбек Серікбай жеткізді.

«Шаханов Рауан Мұхтарұлы ағамның да дәм тұзы таусылыпты. Ұлт ақыны Мұхтар Шаханұлына және педагог-ғалым Розалинда Әшірбайқызына қайғырып көңіл айтамын. Перзенттеріңіздің Алла алдынан жарылқасын! Бекем болыңыздар!» деп жазды Е.Серікбай әлеуметтік парақшасына.