Мұхиттарға күніне 8 миллионға жуық пластик тасталады

Мұхиттарға күніне 8 миллионға жуық пластик тасталады
24.kz

Британияда медбике қоқыстағы пластиктерді өнер туындысына айналдырып жүр

Британияның Брайтон қаласында тұратын медбике шашылып жатқан пластиктерді жинап, өнер туындысына айналдырады, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz.

Қоқыс теру оның күнделікті әдетіне айналған. Брайтон - Англиядағы туристер көп келетін қала. Тиісінше қоқыс та көп тасталады. Медбике өзі жасаған туындыларды сатып, табыс көзіне де айналдыра білген.

Экологтар Сэмми Аплиннің бұл ісі көпке үлгі деп бағалайды. Айта кетейік, осы Ұлыбританияның Глазго қаласында 31 қазаннан 12 қараша аралығында климат мәселелеріне арналған ғаламдық саммит өтеді.

- Пластиктер тасбақалардың түбіне жетеді. Олар көп жағдайда бұл қоқысты тамақ немесе медуза деп ойлап, аузына салып, жұтып жібереді. Осылай асқазанға түскен пластикті қорыта алмай, тасбақа ақыры ажал құшады. Мұхиттарға күніне 8 миллионға жуық пластик тасталады, - дейді экологиялық ұйымның өкілі Джо Уилиамс.