Мұхаммед Әли жайлы 5 қызықты мәлімет

Мұхаммед Әли жайлы 5 қызықты мәлімет
Сурет: Тhe-flow.ru

Мұхаммед Әли – әлемге әйгілі боксшы әрі бірегей тұлға!

Дүинеде ерекше дарынымен танылғандар аз емес. Бәлкім бақ та, бап та қатар шапқан болар. Сондай жанның бірі - Мұхаммед Әли. Күллі адамзат өнеріне тәнті болған жан туралы бес қызықты деректі назарларыңызға ұсынамыз.

  • Әйгілі боксшының шын аты – Кассиюс Марселиюс Клэй. Ол қарапайым тап өкілінен шыққан. Америка Құрама Штатының Кентукки өлкесінде кедей отбасында дүние есігін ашқан.
  • Оның бокс залына келуі де қызық. Кішкене күнінде өзінің велосипедін қорғамақ болған. Сол себепті өзінің сүйікті екі аяқты арбасын ешкімге бермеу үшін жаттығуға бара бастаған.
  • Жаһан бойынша 5 дүркін жыл боксшысы атағын иеленді. Осылайша 21 жыл бойы шаршы алаңда үздіксіз өнер көрсетті. Тіпті Вьетнам соғысына қатысуға келісім бермегені үшін шаршы алаңнан шеттетілді. Дегенмен араға 3 жыл салып, барлық атағын қайтарып алды.
  • Барша дүниежүзі мойындап, спорт иконына айналды. Сөйтіп, спорт тарихындағы ең танымал тұлға және ең ұлы боксшы айналды. Сондай-ақ, жарқын қызыл тілді шешен еді. Оның көптеген цитаталары тарихта қалған.
  • Мұхаммед Әли – оның лақап аты. Көпшілік бұл есімді ислам дінін қабылдауымен байланыстырады. Өзі де көптеген сұқбаттарында онысын дәйектейді. Мәселен, АҚШ-тың орталық телеарналарына берген жауабында «өзінің бір ғана оққағары бар екендігін және ол жалғыз Жаратушы екендігін» айтқан.

Біздер ұлы тұлғаның бірнеше қырын ғана айттық. Ал көпке беймәлім ерекше қасиеттері туралы айтылмаған сырлар көп. Оны су түбінде жатқан маржанға теңейміз.