Мұнай компаниясының акциясын сатып алмақ болған азамат 16 млн теңгесінен айырылды

Мұнай компаниясының акциясын сатып алмақ болған азамат 16 млн теңгесінен айырылды
Сурет: Ашық дереккөз

Полиция департаменті банк карталарының деректерін сайттарға енгізу қауіпті екенін еске салады

Ақтөбелік әлеуметтік желідегі жарнамаға алданып, бар жинағынан айырылды. Тіпті бейтаныс адам несие рәсімдеп жіберген, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Ақтөбе қаласының полиция басқармасына қала тұрғыны арыз түсірді.

Ол мұнай компаниясының акциясын сату туралы жарнаманы көріп, сілтеме арқылы өзі туралы деректерді қалдырған.

Кейін бейтаныс адам байланысқа шықты.

Бейтаныс адам оның деректерін алған және банктердің бірінің қосымшасы арқылы жинақ депозитіндегі бар қаржыны иемденген. Тіпті несие рәсімдеген. Шығын 16 миллион теңгеден асты.

«Осы оқиғаға қатысты Қылмыстық кодекстің «алаяқтық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ақтөбе облысы полиция департаменті банк карталарының деректерін сайттарға енгізу қауіпті екенін еске салады. Ақшаны криптовалютаға, акцияларға, бағалы металдарға және т.б. инвестициялау арқылы үлкен дивиденд уәде беретін күмәнді жобаларға ақша салуға болмайды. Егер осы жолды таңдасаңыз, шолу жүргізіп, пікірлерді оқып шығыңыз»,- дейді Ақтөбе облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.