Мұнай экспорты бір айда 150% артты

Мұнай экспорты бір айда 150% артты
Сурет: Egemen.kz

Сәуір айында Қазақстан Германияға мұнай экспортын 150%-ға арттырды.

Бұл туралы  «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қорының баспасөз қызметі мәлімдеген, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Әрі қарай Германияға жеткізу үшін «Адамова застава» мұнай тапсыру пункті бағыты бойынша «Транснефть» ААҚ магистральдық мұнай құбырлары жүйесі бойынша Қазақстан мұнайын тасымалдау көлемі сәуір айында наурыз айымен салыстырғанда 30 мың тоннаға немесе 150 %-ға артып, 50 мың тоннаны құрады

2023 жылдың ақпан-сәуір айларында «ҚазТрансОйл» АҚ Германияға 90 мың тонна қазақстандық мұнайды жеткізді.