Мұхтар Құл-Мұхаммед Үлкен Алматы өзенінің жоғарғы жағындағы бөгеттің құрылысымен танысты

Мұхтар Құл-Мұхаммед Үлкен Алматы өзенінің жоғарғы жағындағы бөгеттің құрылысымен танысты
Cурет: Сенат

Тоқаевтың Алматы қаласының сел қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасы уақтылы және нақты орындалуы тиіс

Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мұхтар Құл-Мұхаммед өңірге сапары аясында Үлкен Алматы өзенінің жоғарғы жағындағы Аюсай өзенінің сағасынан төмен орналасқан сел ұстайтын бөгет құрылысының барысымен танысты. Бұл туралы Almaty-akshamy.kz жоғары палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Сел қаупі бар аймақта орналасқан адамдардың, шаруашылық жүргізу объектілерінің өмірін қорғауды қамтамасыз етуге, сондай-ақ қақпақтан төменгі жерде салынып жатқан бөгеттің құрылысы ағыс бойынан төмен орналасқан сел қоймасының қызмет ету мерзімін ұзартуға мүмкіндік беретін болады.

«Еліміз Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Алматы қаласының сел қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасы уақтылы және нақты орындалуы тиіс. Ол өңірдегі су ресурстарының тапшылығы, климаттың күрт өзгеруі, экономикалық сипаттағы іс-қимылдың өсе түскені жағдайында сіздердің жұмыстарыңызға тікелей байланысты», - деді сенатор.

Кездесулерде Мемлекет басшысының «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқына Жолдауындағы алға қойылған міндеттер жан-жақты талқыға салынып, пікір алмасылды. Депутат мәслихаттардың рөлін қайта айқындау немесе облыс халқының негізгі бөлігі тұратын Алматы қаласымен шекаралас облыстың құрылуына байланысты барлық бастамалар мемлекеттің егемендігін, аумақтық тұтастығын қорғауға және азаматтарымыздың түпкілікті мүдделерін қамтамасыз ететін стратегиялық бағытты шешуге арналғанын атап өтті.