Мұхаммед Әлидің белдігі алты миллион долларға сатылды

Мұхаммед Әлидің белдігі алты миллион долларға сатылды
Сурет: Ашық дереккөз

Ол кезде Мұхаммед Әли Джордж Форманмен бокстасқан

Аты аңызға айналған боксшы Мұхаммед Әлидің чемпиондық белдігі бәссаудада 6 миллион долларға бағаланды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Хабар 24» арнасының мәліметінше марқұм оны 1974 жылы WBC нұсқасы бойынша ауыр салмақта әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жекте жеңіп алған еді.

Ол кезде Мұхаммед Әли Джордж Форманмен бокстасқан болатын.
Бұдан бөлек аукционға Әлидің Джо Фрейзермен кездесуіне киіп шыққан шапаны да қойылды.
Айта кетейік, Мұхаммед Әли ауыр салмақта өнер көрсетіп, бірнеше дүркін әлем чемпионы атанған америкалық боксшы.

Ол 2016 жылы 75 жасында ауырып, қайтыс болған еді.