«Мұқағали» фильмін үнділіктер тамашалайтын болады

«Мұқағали» фильмін үнділіктер тамашалайтын болады
Сурет: SN.kz

Бұл фильмді ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ түсірген.

Наурыздың 18-25 аралығында өтетін 26-шы Халықаралық Керала кинофестивалінің «Әлемдік кино» бағдарламасы шеңберінде «Мұқағали» көркем фильмі Үндістанда көрсетіледі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Қазақфильм» киностудиясының баспасөз қызметі мәлім еткендей, белгілі қазақстандық режиссер Болат Қалымбетов түсірген «Мұқағали» көркем фильмі Үндістанда наурыздың 18-25 аралығында өтетін 26-шы Халықаралық Керала кинофестивалінің «Әлемдік кино» бағдарламасы шеңберінде көрсетіледі. Аталған байқауда Берлин және Канн сынды басқа да әлемдегі беделді фестивальдерде жүлделерге ие болған фильмдер ұсынылады.

Еске салайық, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ түсірген «Мұқағали» фильмі қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаев өмірінің соңғы жылдары туралы баяндайды.