Мұғалімдердің кәсіби мерекесі болып 5 қазан белгіленбек

Мұғалімдердің кәсіби мерекесі болып 5 қазан белгіленбек
Сурет: Turkystan.kz

Енді ұстаздар күні ретінде нақты бір дата белгіленбек.

Оқу-ағарту министрлігі Ашық НҚА порталында Қазақстандағы мерекелік күндердің тізбесіне өзгерістер енгізу жөніндегі Үкімет қаулысының жобасын жариялады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Оған сәйкес, енді Қазақстанда мұғалім күнін қазанның бірінші жексенбісінен нақты 5 қазанға ауыстыру жоспарланып отыр. Қолданыстағы ҚР мерекелік күндердің тізбесінде "Мұғалім күні" кәсіби мерекесі қазан айының бірінші жексенбісіне белгіленген.

Министрліктің түсіндіруінше, бұл өзгерту Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылғы 30 желтоқсандағы тапсырмасын орындау мақсатында енгізілмек.