Мұғалімдердің 80 пайызы қайта вакцина алды

Мұғалімдердің 80 пайызы қайта вакцина алды
Сурет: Gov.kz

Жаңа оқу жылы барысында ұстаздардың ревакцинациядан өтуі жалғасады. 

Бұл туралы Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Шолпан Каринова айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

«Педагогтерді жұмысқа қабылдаудың жаңа ережесі биыл бекітілді. Қазір мұғалімдер осы ереже бойынша конкурстық негізде жұмысқа қабылданып жатыр. Негізгі қойылатын талаптар - мұғалімнің білім, еңбек өтілі, ұлттық біліктілік тестілеу нәтижесі және біліктілік санаты, кәсіби жетістіктері болады», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Спикердің атап өтуінше, мектеп директорларын ротациялау жалғасып жатыр.

2022 жылы 1 200-ден астам директор ротациялауға сәйкес келеді. Бүгінде оның 400-ден астамы ротациядан өтті.

«Жаңа оқу жылында мұғалімдердің ревакцинациядан өтуі жалғасады. Бүгінде мұғалімдердің 80 пайызы қайта вакцина алды», - деді Шолпан Каринова.