Мұғалімдер бес күндік жұмыс форматына көшеді

Мұғалімдер бес күндік жұмыс форматына көшеді
Сурет: Elorda.info

Келесі жылдан бастап үш ауысымды мектептерден басқа мектептің бәрін бес күндік оқу форматына көшіру туралы шешім қабылданды.

Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов республикалық тамыз конференциясында айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Elorda.info-ға сілтеме жасап. 

«Бұл мектеп директорларына, ұстаздарға, мектептің барлық қызметкерлеріне қатысты. Біздің ойымызша, сенбі күні ұстаздар демалуы керек, балаларымен бірге болуы керек. «Бұл еңбек демалысының ақысына әсер ете ме?» деген сауал туындауы заңды. Бұл еңбек демалысының ақысына әсер етпейтін болады», – деп мәлімдеді министр.

Айта кетейік, бұл қатарға үш ауысымды мектептер кірмейді. Ал еңбек демалысы 56 күн болып өзгеріссіз қалады.