«Мың алғыс»

Мегаполистегі «Алатау» дәстүрлі өнер театрында іргелі ұжымның шығармашылық тобы мен ҚР Мемлекеттік академиялық би театры бірлесіп, «Мың алғыс» атты қайырымдылық концерт ұйымдастырды.

Мерекелік іс-шара өзіне артылған сенімге селкеу түсірмей, күн-түн демей дамылсыз еңбек етіп жүрген ақ желеңді абзал жандарға арналды. Шығармашылық топ медицина қызметкерлеріне деген ілтипатын ән-бимен жеткізді. «Желдірме» шырқалып, «Дала әуені», «Балбырауын», «Қыз Жібек» хореографиялары, «Торы жорға» биі қойылып, «Күй тартысы» ұсынылды.

Мәдени кешке қатысқан «Алатау» дәстүрлі өнер театрының директоры Ринат Заитов, ҚР Мемлекеттік академиялық би театрының көркемдік жетекшісі, ҚР халық артисі Болат Аюханов, бас хореограф Гульфиа Гафурова да дәрігер қауымға лебізін арнады.

Денсаулығымыздың шырақшысы болып жүрген абзал жандар да өздеріне бір сәт қуаныш, шаттық, жақсы күн сыйлаған өнер жұлдыздарына алғыс білдірді.

Ақтолқын ТҰРЛЫҒАЗЫ,

«Қайнар» академиясының 3-курс студенті.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *