«Музыка- әдемі әлемге баулиды»

Лусине Мхиторян, №5 Балалар музыка мектебінің ата-анасы, «MyEnqlishSchool» ЖШС директоры:

-Менің балам қаламыздағы №5 музыка мектебінде оқиды. Осында оқып, білім алып жатқанымызға 7 жыл болды. Бұрын мектебіміз өте ескі, әрі барлық балаларға орын жетіспейтін. Болашақта музыкант болғысы келетін балалардың талантына, өнеріне өте қиын болған еді. Дәл осы кезде қала басшысы қиындыққа қарамастан ескі мектептің орнына заманауи жаңа мектеп тұрғызып берді. Жаңаша салынған мектептің іші де, сырты да көркем. Орналасқан жері де қаланың қақ ортасында. Мектепке барып-қайту да қиын емес. Қоғамдық көліктер жақсы қатынайды. Сондықтан біздер, ата-аналар қауымы қала басшысына ерекше ризашылығымызды білдіргіміз келеді. Осындай қиын уақытта тәуекелге бел буып, үлкен мектеп салып, оның ішін жабдықтау оңай емес. Шаһар басшысының еңбегіне табыс тілеймін.
Менің балам домбыра сыныбын бітірді. Енді фортепиано сыныбында оқып жатыр. Баламыз мектебін өте жақсы көреді. Барғысы келіп сағынып тұрады. Бұл деген керемет емес пе? Мектептің өзінің ұлт-аспаптар оркестрі бар. Мектеп басшысы Шамиля Хасенқызы өте білікті басшы. Ұжымы да ұйымшыл. Сондықтан, болашақ өнер иелерін тәрбиелеп отырған мектеп ұжымына қолдау көрсеткен қала басшылығына алғысымыз шексіз.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *