Музыка музаны қозғайды

Музыка музаны қозғайды
Сурет: Аndroid.mobile-review.com

Ән – сергітеді

Ел арасында «Ән көңілдің ажары» сөз бар. Шынында солай. Данышпан Абай атамыз «Құлақтан кіріп бойды алар, жақсы ән мен тәтті күй» деп баға беріпті.  

Адам баласы қолы қалт еткенде тынығуға өзөіне жайлы орын табуға құштар. Өйткені күнделікті қым-қуыт тіршілік есені басады. Бұның бәрі өз әсерін көңіл-күйге тигізбей қоймасы анық. Сондықтан, мейілінше осы жағын реттеп жүрген абзал.

Көңілдің ажары. Әр адамның музыкаға әуестігі әртүрлі, сан қырлы болып келеді. Бірқатары рок, джаз келесісі лирикалық баяу әуендерді ұнатса, ендігісі рэп тыңдағанды жөн санайды. Талғамға талас жоқ деген осы. Былай қарағанда, бәрі әнді сүйіп тыңдауы шарт емес. Әуен халыққа жағымды ететін ол – әнші. Соның қимылына, даусына, жеткізуіне қарап сүйсініс басталады.

Тыңдауына қарап – кісіні таны. Сәл зер салып қарасаңыз осыны ұғыну түкте қиын емес. Тіпті оңай. Психологияда бұл бұрыннан дәлелдеген әдіс. Олай болатынының өз жөні бар. Әрине, түгелдей сол адам сондай дегенді білдіре қоймас. Деседе, адамның жан дүниесін ән арқылы ұғынуға болады. Мәселенки, әлгінде айтқандай тез ырғақты, тарс-гүрс еткенді жуас мінезді, жайбасар жандардың тыңдамасы айқын.

Топшы. Сөз соңында өзіңізге жақын музыканы тыңдаңыз. Сонда рахат сезімге бөленесіз. Сонда барып өз-өзіңізді қуатты, көңілді ұстайсыз.