Моңғолияның қатты қысында 1,5 миллион мал қырылды

Моңғолияның  қатты қысында 1,5 миллион мал қырылды Сурет: Islam.kz

Бүгінге дейін Моңғолиядағы мал шығыны 1,5 миллионнан асып түсті.


Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне арналған баспасөз мәслихатында Моңғолия премьер-министрінің орынбасары, Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комиссиясының жетекшісі Сайанбуиағин Амарсайхан осындай дерек келтірілген мәлімдеме жасады.


Бұл жайында islam.kz порталы forbes.kz ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Моңғолияда климаттың өзгеруіне байланысты қыста ақ, темір немесе мұз және қара деп ауырлығына байланысты санатқа бөлінетін жұт түрлерінен осы қыстың басынан бері Моңғолияның басым бөлігінде атмосфералық ауа температурасының күрт ауытқуы мен қалың қардың салдарынан мал қынадай қырылған. Ақ жұт қар қалың жауғанда келеді, малдың қорегі қар астында қалатындықтан осылай аталған. Ал теміржұт немесе мұз жұты көктайғақ кезінде орын алады – мал тебіндеп жайыла алмайды, буаз биелер іш тастайтын кез. Осы орайда мал шаруашылығы Моңғолия экономикасының негізгі тірегі екенін айта кетпекпіз: көшпелі халықтың 40%-ы осы малмен күнкөріп отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:41

19:13

18:41

18:41

18:17

18:12

17:26

17:26

17:23

17:22

17:12

16:50

16:00

15:20

15:05

14:36

14:35

13:45

13:23

12:51

12:45

12:37

12:14

12:04

11:39