Мырзағали Айтжанов: Франциялық боксшы Сәкеннің басты қарсыластарының бірі еді

Мырзағали Айтжанов: Франциялық боксшы Сәкеннің басты қарсыластарының бірі еді
Фото: Владислав Семенов, Қазақстан ҰОК Источник: https://24.kz/kz/zha-aly-tar/sport/item/490099-myrza-ali-ajtzhanov-frantsiyaly-boksshy-s-kenni-basty-arsylastaryny-biri-edi Қолданылған материалдарға міндетті түрде www.24.kz сайтына гиперсілтеме берілуі тиіс / Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на www.24.kz

Сәкен Бибосыновтың жеке жаттықтырушысы Мырзағали Айтжанов шәкіртінің 1/8 айналымдағы көрсеткішіне баға берді, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап. 

«Бүгінгі қарсылас оңай емес. Әлем чемпионатының қола жүлдегері, Францияның үміт артып отырған боксшыларының бірі. Сол себепті, екі-үш күн бойы тактикалық жағынан дайындалдық. Берілген тапсырманың барлығын орындап шықты. Қарсыласы Сәкенге қарағанда салмақты көп қуатын жігіт. Оны байқап жүрміз. Сондықтан біз жылдамдықты үдетіп, соған жұмыс істедік. Бұл тұрғыдан біздің жоспарымыз орындалып, төрешілер шешімімен айқын басымдықпен жеңіске жеттік.  Испаниялық боксшыны көріп жүрміз. Ендігі кездесуде жақсылап тыңғылықты дайындалып шығамыз. Басты қарсыластардың бірі болады деп осы французды күткенбіз. Жеңіспен аяқтадық», – дейді Айтжанов.