«Miras» алаңында тарихи ғимараттар мен ескерткіштерді сақтап қалудың жолдары қаралды

«Miras» алаңында тарихи ғимараттар мен ескерткіштерді сақтап қалудың жолдары қаралды
dknews.kz

Кеңестің кезекті отырысында қалалық мәдениет басқармасының 9 айда атқарған жұмысы туралы есебі тыңдалды, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz

«Алматы 2050» Стратегиясы аясында мәдениет саласында қала тұрғындарын қаланың мәдени өміріне тарту, тарих және мәдениет ескерткіштерін күтіп-ұстау және қалпына келтіру жұмыстары туралы Алматы қаласы мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Данияр Әлиев баяндап берді.

Жыл сайын қалада «Ореn-air» форматында 160-қа (53 республикалық, 55 қалалық, 6 ведомстволық және 52 жеке меншік ұйымдар) жуық мәдени нысандар мен  ұйымдар жұмылдырыла отырып, 100-ге жуық ірі имидждік мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізді.

Данияр Әлиевтің баяндауынша, Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасының мәдениет саласы бойынша Жол картасының 10 тармағы «Кітапханаларды шығармашылық даму орталықтарына айналдыру арқылы тегін шығармашылық үйірмелер мен коворкинг-орталықтар санын арттыру» аясында қалалық кітапханаларды жаңғырту бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Өткен жылы қаланың 10 кітапханасы жаңғыртылып, бүгінге келушілердің саны 1 260 000 адамды құрады. Жаңғыртуға дейінгі шығармашылық үйірмелердің жалпы саны 40 болса, жаңғыртудан кейін 91 үйірмеге жетті. Жалпы өсім 127,5 пайызға артқандығын атап өтті.

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында қалалық іс-шаралар жоспарының негізінде 18 іс-шара қарастырылған. Бүгінде жоспар бойынша бірқатар ғылыми-практикалық конференциялар мен дөңгелек үстелдер, фестивальдар, көрмелер, концерттер, кездесулер, байқаулар және т.б. өткізілуде.

Сондай-ақ тарихи-мәдени мұраны сақтау және насихаттау бастамасы аясында  мемлекеттік тізімдегі 162 тарих және мәдениет ескерткіштерін паспорттау және қала аумағында орналасқан сақ дәуіріне жататын археологиялық ескерткіштерге ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілуде.

Осы орайда кеңес мүшелері басқарма өкіліне қаладағы тарихи ғимараттардың келбетіне назар аударып,  екі үлкен тарихи ғимаратта (Қазақстан-Британ техникалық университеті мен Түркия Республикасының Бас консулдығы) – тарихи-мәдени ескерткіш ретінде қазақ зиялыларының мұражайын ашу туралы ұсыныс айтты.