Мыңжылқы Бердіқожаев: Президенттің медицина жайында айтқан сыны орынды 

Мыңжылқы Бердіқожаев: Президенттің медицина жайында айтқан сыны орынды 
Сурет: Minber.kz

«Медициналық мекемелердің қызметінде ортақ бір жүйе жоқ»

Осылай деген сала маманы Мыңжылқы Бердіқожаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысының медицина жайында айтқан сыны орынды деген пікір білдірді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Almaty.tv-ге сілтеме жасап.

«Медициналық қызмет көрсету әр платформада жүзеге асады. Үкіметтің бекіткен жүйесінен бөлек, дәрігерлер бұрыннан қолайлы қосымша ішкі сервистерді қолдануға мәжбүр. Мәселе - соның бәрін бір-біріне кіріктіретін ортақ жүйенің жоқтығында. Бір жүйеде науқастарға дәрілер тағайындайтын болсақ, пациентті емдеуге қаражат іздеу үшін екінші жүйеге жүгінуге мәжбүрміз» дейді дәрігер Мыңжылқы Бердіқожаев.

Ал ана мен бала өліміне қатысты сала сарапшысы айы-күні жетпей туған баланы күтіп, аяққа тұрғызуға барлық перзентханада жағдай жасалмаған деп ой қосты.

«Перзентханалардың қаражатпен қамтамасыз етуін жай ғана экономикалық тұрғыда қарайтын болсақ, ешкім ауруханаларға 1 млрд түгілі 100 млн теңге ақша бөлген жоқ. Ондай қаражат бөлінбесе, құрал-саймандар алынбаса, кішкентай шақалақ баланың өмірін қалай сақтап қаламыз», – деді «Орталық клиникалық ауруханасы» АҚ нейрохирургия бөлімінің меңгерушісі Мыңжылқы Бердіқожаев.