Минскіде Қазақстан Қорғаныс министрі қаза тапқан жауынгерлерді еске алу шарасына қатысты

Минскіде Қазақстан Қорғаныс министрі қаза тапқан жауынгерлерді еске алу шарасына қатысты
Сурет: Ашық дереккөз

Ұлы Отан соғысында қаза тапқан сарбаздарды бір минут үнсіздікпен еске алды

Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Қорғаныс министрлері кеңесінің отырысы аясында Беларусь астанасының орталық алаңындағы Жеңіс монументіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Аталған шараға Қорғаныс министрі, генерал-полковник Руслан Жақсылықов бастаған қазақстандық делегация да қатысып, Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды.

Салтанатты рәсімге қатысушылар Ұлы Отан соғысында қаза тапқан сарбаздарды бір минут үнсіздікпен еске алды.