Министрлік сәйкес бұйрықсыз балалардың шетелге шығуына тыйым салуды жоспарлап отыр

Министрлік сәйкес бұйрықсыз балалардың шетелге шығуына тыйым салуды жоспарлап отыр Cурет: Astanatv.kz

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев қазақстандық оқушылардың Қырымға сапары туралы пікір білдірді.


Айтуынша, министрлік сәйкес бұйрықсыз балалардың шетелге шығуына тыйым салуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


- Балалардың бәрі аман-есен оралды. Ата-аналарының қолына табысталды. Мұғалімге сәйкес жаза берілді, - деп атап өтті ведомство басшысы Үкіметтің кулуарында тілшілерге берген сұхбатында.


Сонымен қатар ол лагерьге балалар ата-анасының бастамасымен барғандығын айтты.



«Министрліктің бұйрығынсыз және Балаларды қорғау комитетінің рұқсатынсыз оқушыларды шетелге шығаруға тыйым салу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр», - деп түсіндірді Ғани Бейсембаев.



Еске сала кетейік, 25 мамырда Оқу-ағарту министрлігі қазақстандық оқушылар тобы Росәріптестік бағдарламасы бойынша Қырымға кеткенін айтқан еді. Белгілі болғандай, бұл сапарды профильдік ведомствомен келіспей ұйымдастырған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамау
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Пікіріңізге рахмет