Министр Ұлттық қор табысынан балаларға ақша қалай аударылатынын түсіндірді

Министр Ұлттық қор табысынан балаларға ақша қалай аударылатынын түсіндірді
Сурет: Almaty.tv

18 жасқа толмаған балалардың бәріне жеке жинақтаушы есепшот ашылатын болады

Ұлттық қор табысын балаларға аударудың тетіктері қарастырылып жатыр. Қаражат жылына бір рет 2024 жылдың басында бәріне теңдей аударыла бастайды. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Almaty.tv-ге сілтеме жасап.

Әлібек Қуантыров Президент тапсырмасына сәйкес қазір есептеулер қосымша пысықталып жатқандығын айтты. 18 жасқа толмаған балалардың бәріне жеке жинақтаушы есепшот ашылатын болады.

«Қазір механизм қарастырылып жатыр. Қаражатты қалай аудару қажет, барлық тетікті пысықтап жатырмыз. Президенттің «Ұлттық қор – балаларға» бастамасын жүзеге асыру мақсатында Үкімет Ұлттық банкпен бірлесіп, бағдарламаны іске қосу жұмыстарын бастап кетті. 2024 жылдан бастап жыл сайын балалардың есепшотына Ұлттық қордың инвестициялық табысының жартысы аударыла бастайды», – деді ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров.