Министр мен музыка

Ресейдiң экстремизммен күрес жөнiндегi комиссиясының Новосибирскiде өткен көшпелi мәжiлiсiнде Ресей iшкi iстер министрi Рашид Нұрғалиев тосын пiкiр және ұсыныс айтты.

– Менiңше, елiмiзде кiм не тыңдайды, не оқиды, не көредi деген мәселе төңiрегiнде әлеуметтiк сауалнама жүргiзу керектiгi туралы мәселе әлдеқашан пiсiп-жетiлдi, – дедi министр.

Сонымен қатар ол экстремизмдi романс және вальстер арқылы талқандауға болатынын, яғни эстетикалық тәрбиенi күшейту қажеттiгiне тоқталды.

– Бiз қазiр кешегi бiздi ортақ мүддеге бiрiк- тiрген түбiмiздi, тегiмiздi, ғажайып романстарды, вальстердi ұмыттық, – дей келе, таяу келешекте Ресей жастарын қандай музыка түрi рухтан- дыратыны жөнiнде жан-жақты әңгiмеледi. Сондай-ақ, министр мырза, сөз бостандығына нұқсан келмеуiн ескере отырып, кейбiр интер- неттердегi берекесiздiктердi реттеу жолдарын қарастыру керек», – дедi.

Р.S. Сiрә, Нұрғалиев мырза романс айтуды, ұршықтай үйiрiлiп вальс билеудi ұнататын болса керек. Бұл бiр жағынан үлкен шенеунiктiң рухани таза, өнердiң ұлы құдыретiн бағалай бiлетiн жан екенiн көрсетсе керек. Министр дұрыс айтады, ұлттың өнерi мен мәдениетiне кешендi түрде көңiл бөлiнсе, экстремизмнiң өзiнiң есi шығып кетер едi. Бiздiң министрлерге де ой салатын-ақ ұсыныс.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *