Министр барлық әкімдіктерді салынғанына 50 жылдан астам мектептерге тиісті техникалық аудит жүргізуге шақырды

Министр барлық әкімдіктерді салынғанына 50 жылдан астам мектептерге тиісті техникалық аудит жүргізуге шақырды
Сурет: 7-su.kz

Министр мектептерді жайлы, қауіпсіз әрі қазіргі заманға сай қамтамасыз ету мәселесін көтерді. 

Үкімет отырысында Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов 2021 жылы 200 мектептің орнына 277 мектеп салынғанын да атап өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz  BAQ.kz-ке сілтеме жасап. 

«Соңғы кезде ескірген, дер кезінде күрделі жөндеуден өтпеген мектептердің апаттық жағдайы қауіп тудыруы тіркеліп жатыр. Айтылған оқиғалар сабақтан тыс уақытта болғанына байланысты ғана оқушылардың өміріне қауіп төнген жоқ. Осыған орай барлық әкімдіктерден салынғанына 50 жылдан астам мектептерге тиісті техникалық аудит жүргізуін сұраймын», - деді ол. 

Аймағамбетов атағандай, білім сапасына қазіргі заманғы кабинеттердің қамтамасыз етілуі маңызды рөл атқарады. 

«2021 жылы жоспар бойынша 949 мектепке 1825 пән кабинеті сатып алынып, жоспар орындалды. Биыл физика, химия, биология, стен пәндік кабинеттермен мектептердің 70 пайызы қамтылады. Осы жұмыс жүргізіліп жатыр. Бірақ біздегі ақпаратқа сәйкес, Ұлытау, Жамбыл облыстары тиісті қаражатты әлі толығымен шешпеген. Сондықтан әкімдіктерді осы тәуекелдің болдырмауын сұраймын. Жылдың соңына дейін уақыт бар. Осы жұмысты бақылауларыңызға алуға өтініш білдіремін», - деді Асхат Аймағамбетов. 

Министр мектептерді жайлы, қауіпсіз әрі қазіргі заманға сай қамтамасыз ету мақсатында 2021 жылы 200 мектептің орнына 277 мектеп салынғанын айтты. 

Бұған жеке сектордың қатысуы себеп болды. Кестеде көрсетілген 10 өңір 42 жаңа мектепті салу бойынша жоспарды толық орындамады. Біз жеке меншік мектептердің үлесін арттырып жатырмыз, - деді ол.