Министр Аймағамбетов ауыл мектебінің тәжірибелі мұғалімдері қандай жалақы алатынын айтты

Министр Аймағамбетов ауыл мектебінің тәжірибелі мұғалімдері қандай жалақы алатынын айтты
Сурет: Facebook.com

Ауыл мектебі үшін жақсы табыс.

Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов Павлодар облысындағы ауыл мұғалімдерімен кездесті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Асхат Аймағамбетов Павлодар облысының білім беру нысандарын аралалап, Жетекші ауылының мектебінде мұғалімдермен әңгімелесіп, оқу бағдарламалары мен жазғы мектептің қорытындысын талқылады. Сондай-ақ жалақы тақырыбы да назардан тыс қалмады. Мысалы, 12 жылдық тәжірибесі бар информатика пәнінің мұғалімі жалақысы 400 мың теңгеге жуық екенін және бұл ауыл мектебі үшін жақсы табыс екенін айтты.

«Жалпы, мектептің жағдайы қанағаттанарлық, сабақ өткізуге жақсы жағдай жасалғанымен, «Оқуға құштар мектеп» жобасы тиісті деңгейде орындалмаған, сатып алынған әдебиеттер министрліктің ұсыныстарына сай келмейді және балаларға қызықты басылымдар аз. Бұл бағытта тиісті жұмыстар жүргізілуі қажет», - деп жазды министр желідегі парақшасында.