Михаил Кукушкин US OPEN туринирінің іріктеу сайысын сәтті бастады

Михаил Кукушкин US OPEN туринирінің іріктеу сайысын сәтті  бастады
Сурет: Olympic.kz

Қазақстандық теннисші іріктеу кезеңінде топ жарды

Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин US OPEN туринирінің іріктеу сайысын жеңіспен бастады, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz. 

Іріктеу сайыстарының 13-ракеткасы болып тіркелген М.Кукушкин алғашқы кездесуін дүниежүзілік рейтингте 193-орындағы франциялық Матиас Буркпен өткізді. Тартысты матчта қазақстандық теннисші 4:6, 6:3, 7:6 (7:2) есебімен жеңіске жетті. 2 сағат 40 минутқа созылған бәсекеде М.Кукушкин 8 эйс жасап, 10 брейк-пойнттың екеуін пайдаланды. Қарсыласы 11 эйс, 2 брейкке (6 брейк-пойнт) қол жеткізді. М.Кукушкин іріктеу сайыстарының жартылай финалында әлемнің 168-ракеткасы, тайбэйлік Джейсон Джангпен ойнайды. Тағы бір қазақстандық, рейтингте 182-сатыда тұрған Дмитрий Попко өзінен үш саты жоғары тұрған словениялық Блаж Роладан 2:6, 5:7 есебімен ұтылып қалды.

Естеріңізге сала кетейік, қазақстандық теннисшілер US OPEN туринирінің іріктеу сайысында бақ сынауда.