Михаил Кукушкин әлемдегі үздік 200 теннисшінің қатарына қайта кірді

Михаил Кукушкин  әлемдегі үздік 200 теннисшінің қатарына қайта кірді
Сурет: Tengrinews.kz

Кәсіби теннисшілер қауымдастығы (ATP) жаңартылған рейтингті жария етті.

Қазақстанның үздік теннисшісі Александр Бублик 37-ші, Тимофей Скатов 146-шы орнында қалды.

Өткен аптада Италиядағы Андрия челленджер турнирінің финалына дейін жеткен Михаил Кукушкин 223-ші орыннан 192-ші орынға көтерілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Яғни ол үздік 200 теннисшінің қатарына қайта кірді. Денис Евсеев 295-тен, 293-ке, Бейбіт Жукаев 315-тен 311-ге жоғарылады.

Үздік үштікте бұрынғыша испаниялықтар Карлос Алькарас пен Рафаэль Надаль, норвегиялық Каспер Рууд, жұптық сында нидерландтық Уэсли Колхоф, ұлыбританиялық Нил Скупски, америкалық Раджив Рам келеді.

Жұптық сында қазақстандықтар Андрей Голубев 47-сатыда қалса, Александр Недовесов 53-тен 52-ге, А.Бублик 173-тен 170-ке шықты.

Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) жариялаған рейтингіде жекелей сында Елена Рыбакина 22-орнында тұрса, Юлия Путинцева 52-ден 51-ге, Жібек Құламбаева 435-тен 433-ке биіктеді.

Үздік үштікте өзгеріс жоқ – Польша өкілі Ига Свентек, тунистік Онс Жабер, америкалық Джессика Пегула, жұптық сында чехиялық Катерина Синякова, ресейлік Вероника Кудерметова, тағы бір чехиялық Барбора Крейчикова көш басында.

Жұптық сында Анна Данилина 11-орнында қалса, Ж.Құламбаева 200 теннисшінің қатарына (+3) кірді.