Мидың қартаюын тежейтін қарапайым үш әдіс

Мидың қартаюын тежейтін қарапайым  үш әдіс
Cурет: Ашық дереккөз

Дәрігерлер физикалық белсенділік пен ақыл-ой қызметі миды қартаюдан құтқаратынын атады

Мидағы деструктивті процестер тұқым қуалаушылыққа, климатқа, жалпы денсаулыққа байланысты болуы мүмкін, дейді дәрігерлер. 

Дәрігерлер мидың қартаюын тежеп, оның ұзақ жылдар бойы жұмыс істеу қабілеттілігін арттыратын қарапайым үш әдісті атады. Олардың айтуынша, адам алдымен дұрыс ұйықтап, ұйқысы қанық болу керек. Бұл мидың ақыл-ой қызметінен кейін қайта қалпына келуіне мүмкіндік жасайды. Дәрігерлер сондай-ақ ұйқысы қанған адамның жұмыс істеу қабілеттілігі де жоғары болатынын атады, ондай адамдар стресстік жағдайларды да жеңіл қабылдайды.  

Екінші ереже – үнемі жаңа нәрселерді үйреніп отыру қажет. Оқу барысында мида жаңа нейрондық байланыстар пайда болады. Бұл мидың тұрақты дамуына ықпал етеді және қартаюға жол бермейді.

Дәрігерлер сонымен қатар жұмыс күні ішінде витаминдер мен диеталық қоспаларды қабылдауды ұсынады. Олар негізгі дәрумендерді көкөністер мен жемістерден алуға болатынын да атап өтті.

Бұған дейін диетолог Серена Пун (Serena Poon)  тағамдардағы улы заттар мидың қартаюын жылдамдататынын айтқан болатын. Олардың қатарында қант, өңделген ет және тазартылған көмірсулар бар.