Microsoft Қазақстандағы қызметін кеңейтуі мүмкін - Тоқаевтың АҚШ-қа сапары

Microsoft Қазақстандағы қызметін кеңейтуі мүмкін - Тоқаевтың АҚШ-қа сапары
Сурет: Ақорда

Қазақстанда IT зертханасын ашу мәселесі қаралды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Microsoft компаниясының Орталық Азия және Шығыс Еуропа бойынша бас менеджері Мишель Симмонспен кездесті. Almaty-akshamy.kz бұл туралы Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.

Мәлім етілгендей, әңгімелесу барысында компанияның Қазақстандағы қызметін кеңейту перспективалары, оның ішінде IT зертханасын ашу және IT мамандардың біліктілігін арттыру, қайта даярлау жоспары талқыланды.

Еске салайық, бүгін Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен АҚШ-қа барды. Сапар барысында бірқатар кездесу өткізді.