Мейрамхана мониторингтік топ бақылауында

Мейрамхана мониторингтік топ бақылауында
сурет: Tengrinews.kz

Алматыда мониторингтік топ «Керемет» мейрамханасын бақылауға алды, деп хабарлайды  Almaty-akshamy.kz. Almaty.tv-ге сілтеме жасап.

Айта кетейік, 11 тамыз күні «Akimat LIVE» бағдарламасының тікелей эфирінде Алматы тұрғыны қала әкімі Бақытжан Сағынтаевқа өзі тұратын ауданда алда өтетін жасырын той жайлы ескертіп, шара қолдануды сұраған болатын.
Қала тұрғыны «жасырын той» жайлы ақпаратты «Алматы» телеарнасындағы «Akimat LIVE» бағдарламасының тікелей эфирінде айтты.
Бақытжан Сағынтаев оқиғаның мән-жайын тексеруге уәде беріп, қаланың мониторинг топтарына ақпаратты анықтауды тапсырды.
Эпидемиологтар қала тұрғындарынан адамдар көп жиналатын жерлерге барудан бас тартуды сұрайды. Өйткені бұл коронавирус инфекцияның өршуіне әкеп соғады.
Естеріңізге сала кетейік, Алматы қаласы эпидемиологиялық жағдай матрицасы бойынша әлі де «қызыл аймақта».