Мейрамбек Бесбаев Америкаға барып «киноға» түсті

Мейрамбек Бесбаев Америкаға барып «киноға» түсті
Сурет: Kapital.kz.

Трампты ойнаған рөл жарасыпты.

Белгілі әнші Мейрамбек Бесбаев вайн түсіре бастады. Оның соңғы видеосы  «Один дома» фильміндегі Дональд Трамптың рөлін сомдады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Aikyn.kz сілтеме жасап.

Естеріңізде болса, Американың бұрынғы президенті Дональд Трамп «Один дома-2» фильміне түскен еді. Сол уақытта «Плаза» қонақүйін басқарған экс-президент 1-2 минуттық эпизодтық рөлде ойнаған. Фильмнің бас кейіпкер Кевин Маккалестерге барар жолды көрсеткен болатын.

Мейрамбек Бесбаев фильмнің сол үзіндісіндегі экс-президенттің рөлін қайталаған. Сөйтіп, АҚШ-тың Нью-Йорктегі «Плаза» қонақүйінде болып, әйгілі «Один дома» фильміндегі Дональд Трампты сахналады. Ал оның кинода серіктесі әнші Ғазизхан Шекербеков болды.

Әншінің парақшасынан вайнды көрген қолданушылар риза болып, «Вайн түсіруді сізден үйрену керек екен ғой», «Трамп сияқты дәулетіңіз бен абыройыңыз болсын», «Трампты ойнаған рөл жарасыпты», «Микобай Трамп» деген пікір қалдырды.

Сонымен қатар Мейрамбек Бесбаев  америкалық қазақтармен бірге Наурыз мерекесін қарсы алды.