Мейірімділік - қанымызда!

Мейірімділік - қанымызда!

«Аманат» партиясының  Наурызбай аудандық филиалы 14 маусым -­ Дүниежүзілік донорлар  күніне орай «Мейірімділік қанымызда!» атты қайырымдылық челенджін қолға алды. Бұл қайырымдылық іс-шарасы 16 маусымға дейін партияның Алматы қаласындағы барлық аудандық филиалдары мен мемлекеттік ұйымдарында жалғасатын болады.


 Үндеуінің өзі адамды ізгілікке баурап тұрған бұл қайырымдылық іс шараға «Аманат» партиясының аудандық филиалымен қатар, ауданның бірқатар мемлекеттік мекемелері де қолдау білдірді.



- Біз мұндай шараны бірінші рет өткізіп тұрмыз, соған қарамастан қан тапсыруға ниет білдіргендер саны біз ойлағаннан әлдеқайда көп болып шықты. Сексеннен асқан қоғам және мемлекет қайраткері, ауданның құрметті тұрғыны Дәрия Сарқытбаева апамызды, Қазақстан спортының мақтанышы Ермахан Ыбыраймов, Алматының №1 марафоншы қыздарының бірі, кәсіпкер, қалалық қоғамдық кеңес мүшесі, Наурызбай ауданындағы «Бақытты отбасы» орталығының жетекшісі Сана Жандайларды көргенде қатты қуандық. Ол кісілердің келіп қан тапсыруы - жастарға үлкен өнеге. Өйткені қан тапсыруға келгендердің басым бөлігі - жастар, – дейді «Аманат» партиясының  Наурызбай аудандық филиалының төрағасы Тынышқали Төреғалиұлы Сәбен.




Сол күні партияның кеңсесіне 300-ден астам партия мүшесі мен қайырымдылыққа қаны жақын адамдар қан тапсырып, өздерінің бұл бастамасын басқа аудандарға жолдады. Мейірімділіктің қанымызда бары рас, олай болса, наурызбайлықтардың бастамасынан тыс қалмай, үндеуге үн  қосыңыздар, ағайын.


 



Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

20:13

19:43

19:13

18:42

18:15

17:40

17:16

17:14

17:02

16:51

16:28

16:25

16:00

15:46

15:35

15:34

14:52

14:49

14:36

14:31

14:06

13:40

12:55

12:48

12:37