Алматыда «Құдайға шоқыну» мерекесі кезіндегі суға  шомылу рәсімі өткізілмейді

Алматыда «Құдайға шоқыну» мерекесі кезіндегі суға  шомылу рәсімі өткізілмейді
Сурет: Nsk.tsargrad.tv

Жыл сайын 19 қаңтарда еліміздегі православтық діндар азаматтар «Құдайға шоқыну» немесе «Крещение Господне» діни мерекесін атап өтеді

Бұл мереке барысында арнайы әзірленген орындарда азаматтар суға шомылу рәсіміне қатысады,  деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Алайда, ағымдағы жылы еліміздегі енгізілген төтенше жағдай режиміне және эпидемиологиялық ахуалдың күрделенуіне байланысты Алматы қаласында  аталған мереке барысында суға шомылу рәсімі өткізілмейді.

Вознесендік кафедралдық собордың ключары Александр Суворовтың сөзіне сәйкес, ағымдағы жылғы 19 қаңтардан бастап «шомылу рәсімінің» орнына қала аумағындағы православтық шіркеулерде «қасиетті су» таратылатын болады. 

Сондай-ақ, қаланың бас санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес, мерекелік құлшылық рәсімдері де жабық түрде өтетін болады.

Өз кезегінде азаматтардың қауіпсіздіктерін қамтамасыз ету мақсатында төтенше жағдай департаменті мен полиция департаменті қызметкерлерінің және "жедел жәрдем" қызметтерінің кезекшілігі ұйымдастырылады.

Сонымен қатар, Алматы қаласы дін істері жөніндегі басқармасының қызметкерлері тарапынан да барлық храмдарда кезекшілік ұйымдастырылып, санитарлық талаптардың сақталулары жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілетін болады.