Б. Сұлтанов: Бағаның өсуіне жол берілмейді

Б. Сұлтанов:  Бағаның өсуіне жол берілмейді
Сурет: Іblog.dearbornschools.org

Елде бірқатар тауар түрлерінің экспорты шектелмек

Қазірдің өзінде мал мен көкөністі сыртқа шығаруға тыйым салынған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап

Бұл бағытта қолға алынып жатқан істерді  ҚР Премьер-Министрінің орынбасары, Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов мәлім етті.

Есесіне шикізаттық емес тауардың экспорты ұлғайтылады. Бұл істе біздің тарап Оңтүстік-Шығыс Азия мен Шығыс Еуропаның тәжірибесіне сүйенеді. Үкімет отырысында вице-премьер әрі Сауда және интеграция министрі осылай деді. 

«Азық-түлік инфляциясын тежеу және әлеуметтік маңызға ие тауарлардың бағасын реттеу үшін жергілікті атқарушы органдармен бірлескен шаралар қабылдап жатырмыз», – деді Бақыт Сұлтанов.

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігімен, Ұлттық экономика және Ауыл шаруашылығы министрліктерімен бірге баға мәселесі қайта қаралды.

«Яғни бағаның өсуіне жол берілмейді», – деді министр.

Сауда комитетінің қызметін күшейту үшін шұғыл түрде заңнамалық бастамалар қолға алынады.