Метро стансасы жұмысын уақытша тоқтатты

Метро стансасы жұмысын уақытша тоқтатты
24 kz

Бейжіңде 60-тан аса метро стансалары жұмысын уақытша тоқтатты. Бұл - коронавируспен күрестің қосымша шарасы ретінде қабылданған шешім, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

Бейжіңде  індет жұқтырудың 50-ден аса дерегі тіркелді. Ауру ошақтары тіркелген аудан тұрғындарына басқа өңірлерге қатынауға тыйым салынған.

Бұған дейін мұнда спорт залдарының жұмысы шектелген. Ал қоғамдық тамақтану орындарына меймандарды қабылдауға тыйым салынды. Бейжің жұрты аптасына 3 рет ПТР-тест тапсырып отыруы тиіс.