Meta-ның акциялары өсіп жатыр

Meta-ның акциялары өсіп жатыр
riakchr.ru

Meta-ның акциялары 13%-ға артқан.

Америкалық Meta корпорациясының акциялары 13%-ға өсті. Таңқаларлығы, биыл корпорацияның тоқсандық кірісінің өсімі соңғы 10 жылдағы ең төменгі көрсеткішті, яғни 7% ($27,91 млрд) көрсеткен, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz  ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Агенттіктің мәліметтерінше, Meta-ның құнды қағаздарының өсуіне компанияның желіні белсенді қолданушылар туралы тоқсанаралық есебі себеп болған. Онда корпорация платформасында жылына 1,96 млрд адам пайдаланатыны айтылған. Бұл көрсеткіш сарапшылардың алдын ала болжамдарынан да асып түсті. Ал бұл - жарнама берушілер үшін ең маңызды көрсеткіш.

Нью-Йорк қор биржасының көрсеткіштері бойынша, 27 сәуір күні сауданың жабылуы алдында Meta-ның акциялары 13%-ға артқан.