Месси мен Криштиану

Месси мен Криштиану
wallpapercave.com

Лондондық Арсеналдың бұрынғы бас бапкері Арсен Венгер жақында Лионель Месси мен Криштиану Роналду енді әлем футболының басты жұлдыздары болмайды деген пікірін білдірді.

«Біз Лионель Месси мен Криштиану Роналду сияқты кез келген қиын жағдайда жол тауып кете  алатын ойыншыларды көрмедік, бірақ, менің ойымша, олардың гегемониясы аяқталады. Енді келесі легтің кезегі келді. Жаңа көшбасшылар Мбаппе және Неймар болуы мүмкін.