Месси Америкаға кетуі мүмкін

Месси Америкаға кетуі мүмкін
Cурет: 24.kz

«Интер Майами» аргентиналық шабуылшыға қызығушылық танытып отыр

«ПСЖ» клубының шабуылшысы Лионель Месси маусым соңында мансабын мұхиттың ар жағында жалғастыруы мүмкін. Бұл туралы vesti.kz басылымы мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

MLS чемпионатындағы «Интер Майами» аргентиналық шабуылшыға қызығушылық танытып отыр. Егер Месси париждік клубтан кететін болса, Францияның бірнеше дүркін чемпионы «Ливерпульдегі» Мұхаммед Салахты қатарға қосуы мүмкін.