Мерхат Жылқыбаев, ҚХА «Жаңғыру жолы» Республикалық жастар қозғалысының төрағасы: Тараз тұрғындарымен біргеміз!

Мерхат Жылқыбаев, ҚХА «Жаңғыру жолы» Республикалық жастар қозғалысының төрағасы: Тараз тұрғындарымен біргеміз!
сурет: 24.kz

Жамбылда болған қайғылы оқиға – барша қазақ халқының қайғысы. Бейбіт күнде жарылыс болып, атпалдай азаматтарымыздан айырылып қалғанымыз мемлекетіміз үшін үлкен қасірет. Бұл оқиға әр қазақстандыққа оңай тиген жоқ. Ел-жұрт болып қайғырып отырмыз. Осы орайда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұл күнді қаралы күн деп жариялауы орынды шешім болды деп ойлаймын. Ел басына күн туғанда біздің ұлт ретінде ұйымдасып, ауызбіршілік танытуымыз аса маңызды. Біз ел болып жамбылдық ағайынның басына түскен ауыр жағдайға қолдау білдіруіміз керек. Азалы күн – әрбір отандасымыздың елге деген жауапкершілігінің белгісі. Бәріміз Тараз шаһарының тұрғындарымен біргеміз. Бұдан былай мұндай ауыр сынақ халқымыздың басына түспесін деп тілейміз. Қызмет бабында жүріп ел үшін қаза болған азаматтарымыздың туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамын.