Мерекелік медальдар тапсырылды

Мерекелік медальдар тапсырылды
almaty-akshamy.kz

Абай атындағы Қазақ Ұлттық опера және балет театрында ҚР Сыртқы істер министрлігінің Алматы қаласындағы Өкілдігінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай салтанатты жиын өтті. Шараға Өкілдіктің басшылығы мен ұжымы, ҚР дипломатиялық қызметінің ардагерлері, Алматы қаласында тіркелген дипломатиялық өкілдіктерінің және халықаралық ұйымдардың басшылары, БАҚ, ғылыми және бизнес топтардың өкілдері қатысты.

Іс-шара барысында ҚР дипломатиялық қызметінің ардагерлері Сыртқы істер министрлігі Өкілдігінің қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар мен алғыс хаттарды табыстау рәсімі өтті. Қабылдаудың ресми бөлімі аяқталғаннан кейін қонақтар Қазақ Ұлттық опера және балет театры жұлдыздарының салтанатты концертін тамашалады.

«Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап қазақ елінің ұл-қыздары елмен бірге еркіндікке шықты. Білім жолындағы жастарымыз халықаралық жетістіктерге жетіп. Ғылымымызды дамытып жатқан жайы бар. Менің ойымша, қазіргі  қазақ жастардың арманы жоқ. Өзі қалған тілде білім алады, қажетті ақпараттардың барлығын еш қиналмастан білім жолына жұмсап. Жүлделі орындардан көріне алады»,– дейді Қазақстандық дипломаттар қауымдастығының төреғасы Мақсат Нұрмағамбетов.

Сондай-ақ,  Қазақстанның құрылыс саласында 35 жыл еңбек сіңірген қайраткері,  Алматыдағы елу мың шаршы метрден астам тұрғын үй салу құрылысына, ПИТ Алатау Технопарк құрылысына, ҚР Президентінің жанындағы Қазақстандық Стратегиялық зерттеу институтының құрылысына белсенді қатысқаны үшін «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медалімен Солтүстік Македонияның Құрметті Консулы Сұлтан Әбдіхайымұлы Мұқшаев наградталады.

Бұдан бөлек, ҚР Сыртқы істер министрлігінің Алматы қаласындағы өкілдері марапаталды.