Менің Nur Otan басшылығында қалуым туралы мәселені қайта қарауымыз мүмкін – Қасым-Жомарт Тоқаев

Менің Nur Otan басшылығында қалуым туралы мәселені қайта қарауымыз мүмкін – Қасым-Жомарт Тоқаев
almaty-akshamy.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Nur Otan партиясының төрағасы қызметінде көп отырмауы мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz

«Бұл ретте мен Мемлекет басшысы ретінде ашық әрі адал саяси бәсекелестіктің кепілі боламын. Менің конституциялық міндетім – биліктің барлық тармағының келісіп әрекет етуін және мемлекеттік органдардың халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз ету», - деген Президент бұл жайт оның кез келген партиялар мен қозғалыстардың қызметінен алшақ болу керектігін меңзейтінін ескертті.

«Сондықтан біраз уақыттан кейін, мүмкін, осы жылдың соңына қарай, менің Nur Otan-ға одан әрі төрағалық етуімнің орындылығы туралы мәселеге қайта оралуымыз мүмкін», - деді Мемлекет басшысы.