Мен үшін үлкен мәртебе - Димаш Джеки Чанға алғыс айтты

Мен үшін үлкен мәртебе - Димаш Джеки Чанға алғыс айтты
Сурет: Elorda.info

Әлемге танымал әнші Димаш Құдайберген актер Джеки Чанды жаңа кітабының шығуымен құттықтады.

Димаш кітап мұқабасына өзінің есімі жазылғанына алғысын білдірді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz  Elorda.info сайтына сілтеме жасап. 

Димаш Instagram парақшасында Джеки Чанға жазба арнады.

 «Сүйікті актерімді жаңа кітабының жарық көруімен шын жүректен құттықтағым келеді. Осыдан 6 жыл бұрын дүние жүзіндегі адамдар мен туралы енді ғана біліп жатқанда мені қолдап, маған бағыт-бағдар көрсеткен алғашқы танымал тұлға болдыңыз. Сіздің «Авангард» фильміңізде басты әнді орындап, сізбен бірге жұмыс істеуге мүмкіндік алғаным менің шығармашылығымдағы ең жақсы сәттердің бірі болып қала бермек. Сыйлығыңыз үшін және менің қытайша есімім (Димаси) сіздің кітабыңыздың мұқабасында пайда болғаны үшін алғысым шексіз. Мен үшін бұл – үлкен мәртебе», - деп жазды Димаш Құдайберген.