«Менің бапкерім»

«Менің бапкерім»
almaty-akshamy.kz

Алматыда «Менің бапкерім» атты сериалдың түсірілімі аяқталды. Жаңа туындыда «Қайрат» футбол ұжымы экс-мүшесінің бастан өткерген қиындықтары көрсетіледі. Телехикаяның бас режиссері – Саят Саруар.

– Сценарий бойынша, біздің басты рөлді сомдайтын жігіт – «Қайрат» футбол командасының экс-мүшесі. Ол алған жарақатынан кейін араға 10 жыл салып, жаттықтырушы ретінде қайта оралады. Оның өмірінде ұзақ уақыттық үзілістен кейін жаңа өмір басталады. Басты рөлде ойнайтын жігіттің есімі Ерназар, – деді режиссер.

Спорт саласын дәріптейтін бұл туынды 12 сериядан тұрады.  Әр бөлімнің жастарға берер өзіндік мән-мағынасы бар.

– Бұл сериал жастарға арналған. Мен физикалық тұрғыда киноға түсуге әрқашан дайынмын. «Менің бапкерім» сериалында әзілқой жігіттің рөлін сомдаймын. Негізінде, біз басты рөлде ойнайтын жігіттің қасында екінші планда жүреміз. Сценарий бойынша, ұйымшыл командамыз. Бапкеріміз өте қатал, жеңіліп қалмау үшін қолдан келгеннің бәрін істейді, – деді актер Әлихан Әділбеков.

Айта кетейік, телехикаяда Бейбарыс Бәден, Бақытжан Ақпаров, Айбар Салы, Ақбота Нұр, Дарын Шыныбек, Медет Дінмұхамед, Жасұлан Көпберген рөлдерде ойнайды.